Ақтөбе облысының тұрғыны Серікбай Қайдасов ресми тілде ақпарат таратып, жиналыстарда орыс тілінде баяндама оқитын шенеуніктерді сотқа бермек, деп хабарлайды ӨЖЕТ тілшісі.

Зейнеткер Серікбай Қайдасов қоғамдық тыңдауларға жиі барады. Себебі, бұл жиында халықтың тағдыры шешіліп, жаңа жобалар айтылады. Ақтөбе агломирациясының дамуын білуге келген қария бұл жолы ресми тілде баяндама жасаған шенеуніктерге ашуланды. Тіпті, қазақ мемлекеттілігін, қазақ халқын қорлаумен тең екенін жеткізді.
«Мемлекеттік тілде сөйлемеген адам еліміздің дамуына кедергі жасап отыр деп түсінеміз. Менің ойымша, қазақ тілінде баяндама жасамаған шенеуніктерді сотқа беру керек. Бүкіл халықты орысшаға тәрбиелен, қазақ екенін сезінуге кедергі жасамаңыздар»,- деді зейнеткер Серікбай Қайдасов.