Біз қандай қоғамда өмір сүртіп жатырмыз? Жастардың, адамдардың негізгі ұстанымдары қандай? Бұл бәрімізді де толғандыратын сұрақ. Біз тұтынушы қоғам құрдық. Яғни, дүниеқор, ақша алдына шыққан, рухани құндылықтары кейін қалған қоғам. Социолистік қоғамда анаған да, мынаған да қолымыз жетпеді. Мына заман келді, бәріне қолымыз жетті. Бәсеке кетті, тәрбие, рухани мәселе кейінге қалды. Президент Жолдауында адами факторды үлкен мәселе етіп қойды. Менің көңілім толмайтын нәрсені айтайын. Есеп берілді, бірде-бір әкім «қоғамда адамдар не болып жатыр» деген сұраққа жауап бермеді. Әлгі тонна, теңге, миллиард, километр барлығы айтылды. Ақтөбе облысында қанша адам туды? Қанша адам өлді? Не себепті өлді? Қандай аурудан өлді? Қанша отбасы ажырасты? Қанша бала жетім қалды? Қанша жалғысбасты әйел бар? Не болып жатыр адамдар? Неше адам жұмыссыз? Жастары нешеде? Ауыл ма, қала ма? Білмейміз. Бәрі бір сандық көрсеткіш, ақша. Бір мектептің директоры айтты, «менің оқушыларымның 45 пайызында әкесі жоқ, ажырасқан отбасы. Ол балалардың психологиясы әке-шешесі бар отбасындай емес. Менің мұғалімдерімнің басым бөлігі әйелдер. 40 пайызы ажырасқан. Әкесі жоқ, байы жоқ, сыныпта шарт-шұрт болады» дейді. Менің айтайын дегенім, балалар өте жақсы. Біздер нашармыз. Көргенді көргенсізбіз