Қазақта «елдің ішіндеміз ғой, өлмеспіз» деген керемет пәлсапалық байлам бар. Қазақ туысы, жолдасы, кластасы, көршісі қиын кезеңде тастап кетпейтінін біледі, түйсінеді. Рулық, ағайындықты қоспағанның өзінде…
Осы бір үлкен тұтастықты ыдыратушы не екенін білесіз бе?
Ол- елдегі экономикалық жағдай емес- қазақ «бұдан жаманымда да тойға барғам» дейді, ол тіпті қазақтың ширек пайызының баспанасыз босып жүргені де емес- қазақ «елдің іргесі аман болсын, ішінде болсақ, өлмейміз» дейді, ол тіпті зейнетақы қорының жоғалып, зейнет жасының ұзартылғаны да емес — қазақ «не көрсек те, елмен бірге көреміз» дейді.
Қазақтың осы қабырғалы тұтастығына жік салушы, сына қағушы- әсіредіншілдер ғана. Мемлекет барынша күресіп жатқан сыңайлы, бірақ Ақтөбе билігі ше? Өткен теракттен ғана сабақ алып, ауыздықты тартып отыруы керек еді. Жоқ, көше толған шолақ балақ пен қаба сақал. Елге насихат жүргізіп отырған кім? Солар! (Телефон сатып, оған өз насихатын салу арқылы). Азғындықпен айналысып қолға түсіп жатқан кім? Солар! Бірақ оларға түк болмайды, себебі біздің идеологиялық, күштік құрылымдар… Иә, иә, көп нүктенің орнына мен де көп нәрсе қоя аламын…
Ал, анық шындықты айтар болсақ, қазақ классикалық исламға ғана мойынсұнған халық. Намазын қаза қылмаған, оразасын бұзбаған… Данышпан қазақ тіпті өз салт-дәстүрінің ұшын да киелі исламға апарып іліп қойған… Ал мына салаф, вахаб, сүлеймен, т.б. Оларды тайраңдатып қою… облыс әкімшілігіне, оның идеология жөніндегі басқармаларына, ішкі саясатқа үлкен сын.
Жалпылама сөзімді фактімен келтірсем… Ырғыздың Қызылжар ауылдық округінде… мектептің 9-10-11 класс оқушылары мектептегі ұстазын емес… Ұстазын тыңдайды. Оны мен ғана емес, ел біледі. 40 қана түтіні бар Қалыбайда да бар… Бірақ аудандарға, елге шығып дін жайлы үгіт-насихат жүргізетін теологсымақтар, ішкі саясаттың өкілдері тап солармен кездесті деп айта алмаймын. Келді, іссапарлық куәлігіне «бардым» деген мөр соқтырып алды, кетті… Ал Қазақтың тұтастығын іштен кеміріп жатқандар көп… Ырғызда!