РФ және АҚШ президенттері — Владимир Путин мен Дональд Трамп Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтыны жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Данангтағы Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының саммитінде жасалған мәлімдемеде «Сириядағы қақтығыстарды әскери жолмен шешуге болмайтыны, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2254 қарарына сәйкес, Женева процесі аясында саяси жолмен толық реттелуі қажет екені» айтылады.

РФ және АҚШ президенттері Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық біртұтастығы сөзсіз мойындалатынын растады.